Архив доступен 0 сообщений С – года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

В Президентском центре проведено культурно-просветительское мероприятие для детей

В рамках летней оздоровительной кампании и организации содержательного досуга подрастающего поколения проведено культурно-просветительское мероприятие в Президентском центре.

Участники мероприятия посетили музей, где ознакомились с историей становления независимого Казахстана, культурным наследием страны и уникальными экспонатами музейного фонда.

Для детей были организованы познавательные мероприятия, направленные на расширение кругозора, развитие интереса к истории государства и формирование духовно-нравственных ценностей.

Молодое поколение – будущее страны. Подобные инициативы способствуют воспитанию чувства патриотизма, уважения к государственным символам и историческому наследию Казахстана.

Организаторами мероприятия выступили органы прокуратуры в рамках работы по развитию социальной и корпоративной культуры.

https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Президенттік орталықта балаларға арналған мәдени-ағартушылық іс-шара өткізілді

Жазғы демалыс кезеңінде өскелең ұрпақтың уақытын тиімді ұйымдастыру және мазмұнды демалысын қамтамасыз ету мақсатында Президенттік орталықта мәдени-ағартушылық іс-шара өткізілді.

Іс-шараға қатысушылар музей экспозицияларымен танысып, Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы, еліміздің мәдени мұрасы және тарихи құндылықтары туралы ақпарат алды.

Балалар үшін танымдық бағдарламалары ұйымдастырылып, олардың дүниетанымын кеңейтуге, ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Жастар – елдің болашағы. Осындай бастамалар өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді, мемлекеттік құндылықтарға құрметті қалыптастыруға, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.

Іс-шараны ұйымдастыруға прокуратура органдарының қызметкерлері атсалысып, әлеуметтік және корпоративтік мәдениетті дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Атырау облысында инвесторлар мен кәсіпкерлердің 21 млрд теңгенің жобалары бойынша құқықтары қорғалды

Атырау облысы Махамбет ауданының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, өңір үшін маңызды жалпы құны 21 млрд теңгені құрайтын жобаларды іске асырып жатқан 3 инвестор мен 99 кәсіпкердің құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етті.

Соның бір мысалы ретінде тауарлық балық өнімдерін өндіру жобасын жүзеге асырып жатырған «А-Дана» шаруа қожалығына көрсетілген қолдауды атауға болады. Тексеру барысында уәкілетті органның заңда көзделгендей прокурордың келісімінсіз инвесторға 281 млн теңге көлемінде талап-арыз бергені анықталды. Прокуратураның араласуынан кейін заң бұзушылықтар жойылды. Сонымен қатар инвестордың кепілге қойылған мүліктері босатылып, бұл кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеуіне және жобаны әрі қарай іске асыруына мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, «Atyrau-Chicken» ЖШС-не құс фабрикасын салу үшін қажетті санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық қорытындыларды алуға жәрдем көрсетілді. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін жылына 5 мың тоннаға дейін құс етін өндіріп, импортты алмастыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға үлес қоспақ.

Бұдан бөлек, тағы бір инвесторға құны 3,5 млрд теңгені құрайтын жылыжай кешенін газ құбырына қосуға қажетті рұқсат құжаттардың рәсімделуіне көмек көрсетілді.

Қабылданған прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде жүзге жуық кәсіпкер үшін электр энергиясының тарифтері төмендетіліп, сумен жабдықтау шарттарының талаптары сәйкестендіріліп және мемлекеттік сатып алу бойынша берешектердің төленуі қамтамасыз етілді.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау, кәсіпкерлерді қолдау және әкімшілік кедергілерді жою бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Атырау облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторлардың құқықтарын қорғау үшін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға шақырады: 8 (701) 066-77-22, 8 (778) 555-77-24 немесе 115 Call-орталығына.

Атырау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме

https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Павлодарда бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді

Павлодар қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген талдау барысында Орталық скверді жөндеуді жоспарлау кезінде заң бұзушылықтарды анықтады.

Анықталғандай, Орталық скверді жөндеуді жоспарлау барысында сметалық құжаттамаға көлемі 25 мың шаршы метрден асатын тротуар плиталарын төсеу жұмыстары, сондай-ақ құны 368 млн теңгеден асатын дәл осындай көлемдегі бетон плиталарын сатып алу енгізілген.

Бұл ретте сквердің жалпы аумағы шамамен 25 мың шаршы метрді құрайды және оның құрамына көгалдар, жасыл желектер, ағаштар мен төсеуге жатпайтын ашық топырақ учаскелері кіреді.

Жүргізілген өлшеулер нәтижесінде тротуар плиталарына нақты қажеттілік 9 мың шаршы метрден аспайтыны анықталды.

Осылайша, жобада көзделген жұмыс көлемі мен материалдар нақты қажеттіліктен едәуір асып кеткен, бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалу қаупін тудырған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімі тоқтатылып, кінәлі лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Павлодар қаласының прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік мүдделерді қорғау және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме

https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

А Ң Д А Т П А

Осы аптада Бас прокуратураның телеграм арнасында

Бюджет қаражатын тиімді пайдалану: Павлодарда 368 млн теңгеден астам қаржының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді. Орталық скверді жөндеуді жоспарлау кезінде прокуратура қандай заң бұзушылықтарды анықтады? Толығырақ – біздің арнада!

Инвесторлардың құқықтарын қорғау: Жамбыл облысында құны 765 млрд теңге болатын жел электр станцияларын салу жобасының іске асырылуы қамтамасыз етілді. Барлық мәліметті алғашқылардың бірі болып біздің арнадан біліңіз!

Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру: Солтүстік Қазақстан облысындағы ҚАЖ мекемелерінде 192 жаңа жұмыс орны құрылды. Өндірістерді дамыту бойынша жүйелі жұмыс сотталғандардың жұмыспен қамтылуы мен кәсіби дағдыларын арттыруға қалай ықпал етуде? Толық ақпарат – біздің арнада!

Мемлекеттік мүдделерді қорғау: Қарағанды облысында 558 млн теңгеден астам қаржының негізсіз пайдаланылуына жол берілмеді. Прокуратура қандай заң бұзушылықтарды анықтады? Барлық мәлімет жақын арада біздің арнада!

Балалардың құқықтарын қорғау: Павлодар облысында алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерді іздестіру жұмысы күшейтілді. Борышкер іздеуге жарияланғаннан кейін 9 млн теңге көлеміндегі берешекті қалай өндіріп алу мүмкін болды? Толығырақ біздің арнадан біліңіз!

Жерлерді мемлекет меншігіне қайтару: Шығыс Қазақстан облысында жер заңнамасын бұзу фактілері анықталып, мемлекет меншігіне 4 мың гектардан астам жер қайтарылды. Прокуратура қандай шаралар қабылдады? Толығырақ біздің арнадан көріңіз!

Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграмм арнасынан оқып, бізді әлеуметтік желілерден қараңыз

https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Через спорт к успеху: дети выбирают футбол

14.06.2026 г. по инициативе прокуратуры области Абай организовано посещение детьми футбольного матча между командами «Елімай» и «Ордабасы».

Основной целью мероприятия явилось формирование у подрастающего поколения уважения к закону, популяризация здорового образа жизни, развитие интереса к спорту, а также организация содержательного и безопасного досуга несовершеннолетних.

В рамках акции детям вручено более 1000 билетов с автографами игроков.

Особое внимание уделено несовершеннолетним, состоящим на профилактических учетах, а также детям из социально уязвимых слоев населения и многодетных семей.

В ходе мероприятия организована демонстрация специально подготовленных профилактических видеороликов и тематического баннера, направленных на продвижение принципов законопослушного поведения и любви к спорту.

Подростки получили возможность поддержать родную команду, ощутить атмосферу профессионального футбола и наглядно убедиться в том, что спорт является важным фактором формирования здоровой, активной и успешной личности.

Прокуратура области уделяет особое внимание вопросам защиты прав детей, профилактики правонарушений среди несовершеннолетних и созданию условий для их всестороннего развития.

Подобные мероприятия будут продолжены и проводятся на систематической основе.

Справедливость

СилаВЗаконе

Ссылка на сайт прокуратуры области Абай

https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

В Мангистау выявлены экологические нарушения в рамках акции «Таза Қазақстан»

В рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» природоохранной прокуратурой Мангистауской области совместно с уполномоченными органами организованы рейдовые мероприятия.

В ходе проведённых рейдов на территориях города Актау и Мунайлинского района выявлены факты скопления твёрдых бытовых и строительных отходов. По данным фактам соответствующим государственным органам даны поручения по их ликвидации.

По выявленным нарушениям к административной ответственности привлечены заместитель акима района и физические лица, а сотрудники городского акимата привлечены к дисциплинарной ответственности.

Кроме того, в ходе рейдовых мероприятий выявлен факт незаконной добычи грунта.

По данному факту была вызвана следственно-оперативная группа отдела полиции Мунайлинского района, информация зарегистрирована в книге учёта информации.

Сохранять чистоту окружающей среды, беречь природу и формировать экологическую культуру — наша общая задача.

Призываем всех жителей ответственно относиться к окружающей среде, соблюдать чистоту родного края и выбрасывать отходы только в специально отведённых местах!

Ссылка на сайт прокуратуры Мангистауской области

https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Маңғыстау облысында экологиялық заң бұзушылықтары анықталды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасымен уәкілетті органдардың қатысуымен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Өткізілген рейдтік іс-шара барысында Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданы аумақтарында тұрмыстық қатты және құрылыс қалдықтарының үйіліп жатқаны анықталып, оларды тазарту жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.

Анықталған бұзушылықтар бойынша аудан әкімінің орынбасары мен жеке тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа, сондай-ақ қалалық әкімдік қызметкерлері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Бұдан бөлек, рейдтік іс-шара жүргізу барысында заңсыз құм ұрлау фактісі анықталды.

Аталған факт бойынша Мұнайлыаудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы шақыртылып, ақпараттық есепке алу кітабына тіркелді.

Қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – бұл ортақ міндет.

Сондықтан, туған өлкеміздің тазалығын сақтауға, қалдықтарды белгіленген орындарға тастауға, әрі жауапкершілікпен қарауға шақырамыз!

Маңғыстау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме

https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Кассира станции Тараз осудили за мошенничество

Суд №2 города Тараза признал кассира билетной кассы станции Тараз виновной в неоднократном мошенничестве с использованием служебного положения.

Судом установлено, что при оформлении проездных документов она оформляла билеты с разбивкой маршрута на отдельные участки вместо прямого рейса, присваивая разницу между фактической стоимостью проезда и полученными денежными средствами. Ущерб причинен трем пассажирам.

Государственное обвинение по делу поддержано транспортной прокуратурой.

Суд назначил наказание в виде штрафа в размере 248 430 тенге с лишением права сроком на 3 года занимать должности, связанные с денежными средствами и материальными ценностями.

Приговор не вступил в законную силу.

Ссылка на сайт Главной транспортной прокуратуры

https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Тараз станциясының кассирі алаяқтық үшін сотталды

Тараз қаласының №2 соты Тараз станциясындағы билет кассасының кассирін қызметтік жағдайын пайдалана отырып, бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Сот анықтағандай, ол жол жүру құжаттарын ресімдеу кезінде тікелей рейс орнына маршрутты жекелеген учаскелерге бөліп билеттер сатқан. Осылайша, жол жүрудің нақты құны мен өзіне қалған ақша арасындағы айырмашылықты иемденіп отырған. Алаяқтық салдарынан үш жолаушыға материалдық залал келген.

Іс бойынша мемлекеттік айыптауды көлік прокуратурасы қолдады.

Сот оған 248 430 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады, сондай-ақ 3 жыл мерзімге ақшалай қаражатпен және материалдық құндылықтармен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бас көлік прокуратурасының сайтына сілтеме

https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

В городе Текели вынесен приговор за передачу доступа к банковскому счету: предупреждение о рисках интернет-мошенничества (дропперство)

В области Жетісу продолжается системная работа по предупреждению интернет-мошенничеств и пресечению фактов незаконной передачи гражданами доступа к банковским счетам третьим лицам. Подобные действия создают условия для совершения финансовых преступлений и вовлечения добросовестных граждан в противоправные схемы.

Текелийским городским судом рассмотрено уголовное дело в отношении жителя города, который признан виновным по части 1 статьи 232-1 Уголовного кодекса Республики Казахстан за незаконное предоставление доступа к своему банковскому счету и передачу его в пользование третьему лицу за материальное вознаграждение.

Виновное лицо осуждено к наказанию в виде штрафа.

Установлено, что гражданин за денежное вознаграждение предоставил доступ к банковскому счету через мобильное приложение банка. В дальнейшем указанный счет был использован в мошеннической схеме, связанной с переводом денежных средств потерпевшей. Приговор суда в настоящее время не вступил в законную силу.

Прокуратура области Жетісу разъясняет, что передача банковских карт, счетов, логинов, паролей, SMS-кодов и доступа к мобильным банковским приложениям третьим лицам является уголовно наказуемым деянием. Ответственность наступает независимо от того, был ли владелец счета осведомлен о последующем противоправном использовании.

Отдельно отмечается, что злоумышленники активно используют схемы «легкого заработка», предлагая гражданам передать банковские счета или карты в так называемую «аренду». На практике такие инструменты применяются для обналичивания денежных средств и реализации интернет-мошеннических схем.

Прокуратура области Жетісу призывает граждан проявлять бдительность, не передавать банковские данные и доступ к счетам третьим лицам, а также незамедлительно обращаться в правоохранительные органы при выявлении подозрительных предложений. Соблюдение правил финансовой безопасности позволяет избежать вовлечения в преступные схемы и наступления уголовной ответственности.

Ссылка на сайт прокуратуры области Жетису

https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Текелі қаласында банк шотына қолжетімділікті беру ісі бойынша үкім шығарылды: интернет-алаяқтық (дропперлік) қаупі туралы ескерту

Жетісу облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу және азаматтардың банк шоттарына заңсыз қолжетімділікті үшінші тұлғаларға беру фактілерінің жолын кесу бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мұндай әрекеттер қаржылық қылмыстардың жасалуына жағдай жасап, азаматтардың алаяқтық схемаларға тартылу қаупін арттырады.

Текелі қалалық сотымен қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралып, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ол өз банк шотына қолжетімділікті үшінші тұлғаға материалдық сыйақы үшін заңсыз берген.

Кінәлі тұлғаға айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Анықталғандай, азамат банк қосымшасы арқылы өзінің шотына қолжетімділікті үшінші тұлғаға берген. Кейіннен бұл шот жәбірленушінің ақшалай қаражатын аударуға байланысты алаяқтық схемада пайдаланылған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жетісу облысының прокуратурасы банк карталарын, шоттарды, логиндер мен парольдерді, SMS-кодтарды және мобильді банк қосымшаларына қолжетімділікті үшінші тұлғаларға беру қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді. Жауаптылық шот иесінің кейінгі заңсыз пайдаланудан хабарсыз болуына қарамастан туындайды.

Сонымен қатар алаяқтар азаматтарға «жеңіл табыс» уәде етіп, банк шоттарын немесе карталарды «жалға беру» түріндегі ұсыныстарды жиі қолданатыны атап өтіледі. Іс жүзінде мұндай шоттар заңсыз алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және интернет-алаяқтық схемаларын жүзеге асыру үшін пайдаланылады.

Жетісу облысының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға, банк деректерін және шоттарға қолжетімділікті үшінші тұлғаларға бермеуге, сондай-ақ күмәнді ұсыныстар анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу жүгінуге шақырады. Қаржылық қауіпсіздік қағидаларын сақтау қылмыстық схемаларға тартылудың және қылмыстық жауаптылыққа тартылудың алдын алады.

Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме

https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Осужденная за контрабанду и сбыт наркотиков в особо крупном размере экстрадирована из Кыргызской Республики

Генеральной прокуратурой Республики Казахстан из Кыргызской Республики экстрадирована гражданка Казахстана для приведения в исполнение приговора суда шестнадцатилетней давности, которым она была осуждена за совершение контрабанды и сбытнаркотических веществ в особо крупном размере.

Приговором специализированного межрайонного суда по уголовным делам Жамбылской области от 23.11.2010 года разыскиваемая признана виновной и осуждена к 15 с половиной годам лишения свободы с конфискацией имущества за то, что в 2010 году за денежное вознаграждение, в целях сбыта,незаконно переместила через Государственную границу Республики Казахстан наркотическое средство гашиш весом свыше 1-го килограмма.

Однако, с учетом наличия у неё малолетнего ребенка, отбывание наказания было отсрочено до достижения им четырнадцатилетнего возраста.

Находясь на пробационном учёте, в 2017 году осужденная скрылась от исполнения судебного приговора, в связи с чем была объявлена в розыск.

В марте т.г. она задержана в городе Бишкек, откуда по запросу Генеральной прокуратуры Казахстанаэкстрадирована на Родину.

В настоящее время осужденная водворена в следственный изолятор.

https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Аса ірі мөлшердегі есірткі заттардың контрабандасы мен оларды өткізгені үшін сотталған Қырғыз Республикасынан экстрадицияланды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қырғыз Республикасынан аса ірі мөлшердегі есірткі заттардың контрабандасы және оларды өткізгені үшін сотталған Қазақстан Республикасының азаматшасын, он алты жыл бұрын шығарылған сот үкімін орындау үшін экстрадициялады.

Іздеуде жүрген тұлға 2010 жылы ақшалай сыйақы үшін салмағы 1 килограмнан асатын гашиш есірткі затынөткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының 23.11.2010 жылғы үкімімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Алайда оның асырауында жасбаласының болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі он төрт жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылған.

Сотталған пробациялық бақылауда бола тұра, 2017 жылы сот үкімін орындаудан жалтарған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

Ағымдағы жылғы наурызда ол Бішкек қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауымен отанына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта сотталған тергеу изоляторына қамалды.

https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Специализированной природоохранной прокуратурой Западно-Казахстанской области совместно с уполномоченными органами и волонтёрами проведены рейдовые мероприятия по выявлению несанкционированных свалок. Мероприятие организовано в рамках реализации концепции «Таза Қазақстан».

По данным АО «НК «Қазақстан Ғарыш Сапары», на территории областного центра выявлено 82 несанкционированные свалки.

По указанию прокуратуры местными исполнительными органами ликвидированы все выявленные незаконные полигоны.

В ходе рейда жителям были продемонстрированы результаты проведённой работы по ликвидации стихийных свалок, а также проведена разъяснительная работа, направленная на соблюдение чистоты, повышение экологической культуры и ответственности граждан.

В целях формирования экологической культуры среди населения прокуратурой на постоянной основе организуются разъяснительные и информационно-пропагандистские мероприятия.

Ссылка на сайт прокуратуры Западно-Казахстанской области

https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы өкілетті органдармен және еріктілермен бірлесіп заңсыз қоқыс алаңдарын анықтау мақсатында рейдттік шаралар өткізді. Шара «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ныңмәліметінше облыс орталығында 82 заңсыз қоқыс орны анықталған.

Прокуратураның нұсқау нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар барлық заңсыз полигондарды жойды.

Рейд аясында тұрғындарға анықталған стихиялық қоқыс орындарын жою бойынша атқарылған жұмыстары көрсетіліп, тазалық сақтау, экологиялық мәдениет пен жауапкершілігін арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Прокуратура халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында түсіндіру және ақпараттық-насихаттау жұмыстарын тұрақты ұйымдастыруда.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме

https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Прокуроры Жамбылской области защитили права предпринимателей

Прокуратурой Мойынкумского района в ходе анализа деятельности контролирующих и местных исполнительных органов выявлены грубые нарушения прав субъектов предпринимательства.

Установлено, что Управление государственных доходов района после устранения предпринимателем налоговых нарушений более четырех месяцев не снимало ограничения с его банковских счетов.

В другом случае отделом жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата района допущено необоснованное затягивание выдачи разрешительных документов, необходимых для строительства объектов водоснабжения, что создавало риск срыва сроков реализации проекта и нарушения прав предпринимателя.

По актам прокурорского надзора права субъектов бизнеса восстановлены, ограничения с банковских счетов сняты, необходимые разрешительные документы выданы.

За допущенные нарушения виновные должностные лица налогового органа и акимата привлечены к административной ответственности по ч.1 ст.173 КоАП РК с наложением штрафа в размере 100 МРП.

Ссылка на сайт прокуратуры Жамбылской области

https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Жамбыл облысының прокурорлары кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады

Мойынқұм ауданының прокуратурасы бақылаушы және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жүргізілген талдау барысында кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарының өрескел бұзылу фактілерін анықтады.

Анықталғандай, ауданның Мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкер салық заңнамасын бұзушылықтарды жойғаннан кейін де оның банктік шоттарына қойылған шектеулерді төрт айдан астам уақыт бойы алып тастамаған.

Тағы бір жағдайда аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі сумен жабдықтау нысандарының құрылысына қажетті рұқсат құжаттарын беруді негізсіз созбалаңға салған. Бұл жоба мерзімдерінің бұзылу қаупін туғызып, кәсіпкердің құқықтарының бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін еді.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша бизнес субъектілерінің құқықтары қалпына келтіріліп, банктік шоттардағы шектеулер алынып тасталды және қажетті рұқсат құжаттары берілді.

Жіберілген заң бұзушылықтар үшін салық органының және аудан әкімдігінің кінәлі лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Жамбыл облысы прокуратурасының сайтына сілтеме

https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Комитет по защите прав инвесторов обеспечил продолжение проекта Pfizer стоимостью 25 млрд тенге

Комитет по защите прав инвесторов устранил правовые препятствия, возникшие при реализации инвестиционного проекта ТОО «Пфайзер Казахстан», и обеспечил восстановление прав инвестора.

ТОО «Пфайзер Казахстан» является подразделением международной фармацевтической компании Pfizer и реализует проект по контрактному производству биотехнологических препаратов в Алматинской области. В проект инвестировано 25 млрд тенге, создано 40 постоянных рабочих мест.

В ходе реализации проекта инвестор столкнулся с риском его приостановления. После внесения изменений в законодательство контрактное производство было исключено из перечня допустимых моделей локализации, что создало противоречие с ранее принятыми государством инвестиционными обязательствами и поставило под угрозу дальнейшую реализацию проекта.

По обращению инвестора Комитет по защите прав инвесторов инициировал рассмотрение вопроса с уполномоченными государственными органами. В результате проведенной работы Министерством промышленности и строительства совместно с Министерством здравоохранения внесены соответствующие изменения в отраслевые правила.

Принятые меры позволили сохранить контрактное производство в числе допустимых механизмов локализации и обеспечить дальнейшую реализацию инвестиционного проекта на территории Казахстана.

Таким образом, права инвестора были восстановлены, а ранее предоставленные государственные гарантии получили необходимое нормативное обеспечение.

Ссылка на сайт Комитета по защите прав инвесторов

https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құны 25 млрд теңге болатын Pfizer жобасының жалғасуына көмектесті

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті «Пфайзер Қазақстан» ЖШС инвестициялық жобасын іске асыру барысында туындаған құқықтық кедергілерді жойып, инвестордың құқығын қорғады.

«Пфайзер Қазақстан» ЖШС – халықаралық Pfizer фармацевтикалық компаниясының бөлімшесі және Алматы облысында биотехнологиялық препараттарды келісімшарт негізінде өндіру жобасын жүзеге асырып жатыр. Жобаға 25 млрд теңге инвестиция тартылып, 40 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Елімізде осы саладағы заңнамаға енгізілген өзгерістерден кейін келісімшарт негізіндегі өндіріс локализацияның рұқсат етілген модельдері тізімінен алынып тасталды. Бұл мемлекет бұрын қабылдаған инвестициялық міндеттемелерге қайшы келіп, жобаның әрі қарай жүзеге асырылуына қауіп төндірді.

Инвестордың өтініші негізінде Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті мәселені уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына бастамашылық етті. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп салалық қағидаларға тиісті өзгерістер енгізді.

Қабылданған шаралар келісімшарт негізіндегі өндірісті локализацияның рұқсат етілген тетіктерінің қатарында сақтап қалуға және инвестициялық жобаны Қазақстан аумағында одан әрі іске асыруға мүмкіндік берді.

Осылайша, инвестордың құқығы қорғалып, мемлекет тарапынан бұрын берілген кепілдіктер қажетті нормативтік қамтамасыз етумен бекітілді.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтына сілтеме

https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП